ХҚКО-да бірқатар қызмет уақытша тоқтатылады

9 Маусым 2023, 13:30
960
Бөлісу:
ХҚКО-да  бірқатар қызмет уақытша тоқтатылады
Фото: Артём Чурсинов - архив

ХҚКО-ларда қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы ІІМ АӨО тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты 2023 жылғы 9 маусым сағат 14:00-ден бастап 10 маусым сағат 18:00-ге дейін барлық ХҚКО-да келесі қызметтерге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі.

Өзгелердің жаңалығы