Хорватия Шенген аймағына қосылды

1 Қаңтар 2023, 13:11
746
Бөлісу:
Хорватия Шенген аймағына қосылды

Хорватия 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шенген аймағына кірді. Бұл туралы Еуропа Одағы Кеңесі мәлемдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Еуропа Одағына мүше мемлекеттер дауыс бергеннен кейін шешім қабылданды.

1 қаңтардан бастап Хорватия мен Шенген аймағындағы басқа да елдердің арасында құрлықты және теңіз шекараларын кесіп өткенде тексеру алынып тасталады.

26 наурыздан бастап ішкі әуе шекарадарында тексерістер алынып тасталады. 

Хорватия шенген визаларын беру және Шенген елдерінде болу қағидаларын бұзған шетелдіктердің мәліметтері жиналған Шенген ақпараттық жүйесін қолдану құқығына ие болды.

Өзгелердің жаңалығы