Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

4 Қаңтар 2021, 11:16
1067
Бөлісу:
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Эдмонтон қаласында шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталуға жақын. 5 қаңтар күні жартылай финал кездесулері өтеді деп жазады Olympic.kz. 

Әлемдік турнирдің жартылай финалына Канада, Ресей, АҚШ және Финляндия құрамалары жолдама алды.  

Финал жолдамасы үшін таласта 20 жасқа дейінгі Канада мен Ресей хоккейшілері және АҚШ пен Финляндия командалары өзара кездеседі. 

Айта кетелік, жастар арасындағы әлем біріншілігі 2020 жылдың 25 желтоқсанында басталды. Финалдық кездесу 6 қаңтарға жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы