ХҚКО менеджерлері құрылыс компанияларының кеңселерінде жұмыс істейді

18 Ақпан 2021, 14:01
1290
Бөлісу:
ХҚКО менеджерлері құрылыс компанияларының кеңселерінде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай провайдер ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымалы мүлік кепілі, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласында бірқатар мемлекеттік қызметті көрсетеді. 

ХҚКО менеджерін өз офисіне орналастыра отырып, құрылыс компаниялары мен олардың клиенттері ХҚКО-ға жүгінбей, мемлекеттік қызметтерді тез және сапалы алатын болады.

Онлайн кездесуде мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс компанияларының өкілдеріне жеке менеджерді кеңселерде орналастырудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Біздің менеджерлер құрылыс компанияларының сату бөлімдерінде бола тұра, нотариалды растаусыз сатып алу-сату/сыйға тарту шартын жасап, дайын болған құжаттарды беріп, клиенттердің жылжымайтын мүлікті тіркеуге кететін уақытын едәуір қысқарта алады. Бүгінгі таңда ХҚКО операторлары BI-Group компаниясының 2 сату бөлімінде және G-Park компаниясының бір бөлімінде орналасқан. Бұл ұсынылатын қызметтердің мерзімі мен сапасына оң әсерін тигізді, – деді мемлекеттік корпорация төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорация құрылыс компанияларына жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу кезінде пайдаланылатын Blockchain технологиясын таныстырды. 

Технология жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы бар/жоғы туралы анықтама алу үшін ХҚКО-ға бармай-ақ, кепілшартын тіркеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Банк қызметкері өтінімді қалыптастырған кезде ауыртпалық туралы мәлімет автоматты түрде шығады. 

Технологияны қолдану аясын кеңейту үшін мемлекеттік корпорация заңды тұлғалар үшін кепіл шарттарын тіркеу, ауыртпалықтарды алу және жеке және заңды тұлғалар үшін қайта кепіл функцияларын іске асыру сияқты басқа да қызметтерді қосуды жоспарлап отыр.



Өзгелердің жаңалығы