ХҚКО-ға баратын адамдар санын 300 мыңға дейін азайтуды жоспарлап отырмыз – Мусин

21 Мамыр 2021, 21:45
2779
Бөлісу:
ХҚКО-ға баратын адамдар санын 300 мыңға дейін азайтуды жоспарлап отырмыз – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет бойынша қызықты кейс. Қазақстандықтар Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру және мекенжайын жою туралы анықтаманы жылына 3 млн рет алады екен, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Стандартқа сай ұсынылатын электрондық қызмет. Бір қарағанда, таңқаларлық ештеңе жоқ сияқты, бірақ көңілге қонбайтын бір жайт анықталды. Мемлекеттік мекемелер бұл анықтаманы ХҚО-дан алдырады екен. Осы жерде заңды сұрақ туындайды: алынып жатқан жылжымайтын мүлік немесе жер туралы ақпарат базада бар болса, онда неге азаматтардан анықтама сұрайды? Оның үстіне бұл анықтаманы алу үшін азаматтар 6 күн сабылады екен, - деп жазды ол.

Ведомствоаралық комиссияда бұл қызметті тізімнен алып тастау ұсынылды, есесіне тұрақты мекенжай (код) берілетін болады.
Жер учаскесі алғашқы рет ресімделген кезде код беріліп, бұл жайлы ақпарат 2ГИС сияқты платформада қолжетімді болады. Ал бұзу актісінің аясында жүргізілетін техникалық тексеріс кезінде мекенжайды жою туралы мәлімет енгізіледі.

Нәтижесінде қажетті ақпараттардың барлығы жүйеде көрініп тұрады да, азаматтар 3 млн рет анықтама алу мәжбүрлігінен құтылады. Сөйтіп, ХҚО-ға баратын адамдардың санын 300 мыңға дейін азайтуды жоспарлап отырмыз, - деді Мусин.


Өзгелердің жаңалығы