Хиросимадағы G7 саммиті аяқталды

21 Мамыр 2023, 21:04
676
Бөлісу:
Хиросимадағы G7 саммиті аяқталды

Хиросимадағы «Үлкен жетіліктің» (G7) саммиті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Хиросимадағы Әлем саябағында Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді.

Хиросимадағы G7 саммитінің барлық сессиясы аяқталды. Мен G7-ге қатысқан барлық елдің көшбасшыларына, шақырылған сегіз мемлекеттің көшбасшыларына, жеті халықаралық ұйымның басшылары мен барлық ұйымға алғысымды білдіремін, - деді Кисида.

Үш күн бойы мемлекеттердің көшбасшылары 10 сессия өткізген. Іс-шараға «жетілікке» кірмейтін мемлекеттер: Австралия, Бразилия, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Кука аралы, Комор аралдарының одағы, Оңтүстік Корея да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы