Хаменова екі айға қамауға алынды

23 Желтоқсан 2021, 11:55
1032
Бөлісу:
Хаменова екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бұл ақпаратты 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Сот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 

Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай Құнанбаев ескерткішін орнатуға Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алған. Кейін Рысқалиев кінәсін мойындаған, ал Хаменова ұсталып, жауап алынғаннан кейін үйқамаққа алынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы