Тегеранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Ирандағы мемлекеттік рәсімге ондаған елдің ресми өкілдері жиналды.

 Reuters Бүгiн 2026, 16:11
Бүгiн 2026, 16:11
114
Фото: Reuters

Иран астанасы Тегеранда 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің шабуылы салдарынан қаза тапқан елдің бұрынғы көшбасшысы Әли Хаменеимен мемлекеттік қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Қоштасу рәсімі Тегерандағы Имам Хомейнидің «Мусалла» мешітінде ұйымдастырылған. Оған Иранның ресми тұлғалары, ел азаматтары, сондай-ақ көптеген мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шара Қасиетті Құран оқылып, бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.

Түркия атынан рәсімге вице-президент Жевдет Йылмаз қатысып отыр.

Күні бойы жалғасатын мемлекеттік қоштасу рәсіміне шамамен 100 елден үкімет және парламент басшылары, сыртқы істер министрлері, сондай-ақ үкіметтердің арнайы өкілдері қатысады деп күтілуде.

Еске салайық, бұған дейін Иранда Әли Хаменеимен қоштасуға дайындық жалғасып жатқаны туралы жаздық.

Айта кетерлігі, наурыз айының басында Трамп Әли Хаменеидің қаза тапқанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ кейіннен Иран Әли Хаменеидің қазасын ресми түрде растады.

Сонымен қоса  Иранның қаза тапқан жоғарғы рухани жетекшісі Әли Хаменеидің жұбайы Мансуре Ходжасте қайтыс болғаны айтылды. 

Иран билігі марқұм жоғарғы көшбасшы Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін ел аумағындағы америкалық және израильдік соққылардың жалғасуына байланысты кейінге қалдырды.

Наверх