«Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба

10 Қараша 2026, 12:30
АВТОР
 Ақорда 10 Қараша 2026, 12:30
10 Қараша 2026, 12:30
96
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Баршаңызға мәлім, қазір еліміздің алдында маңызды міндеттер тұр. Бәріміз бір ел болып «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыратын болдық. 2027 жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» болмақ. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады. Еліміз бойынша әртүрлі әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар, емханалар, оңалту орталықтары, спорт инфрақұрылымы және басқа да ғимараттар, өндіріс орындары, жолдар, вокзалдар, әуежайлар салынады. Барлық өңірде мыңдаған жұмыс орны ашылады. Отандық кәсіпкерлерге мол мүмкіндіктер беріледі. Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында мұндай ауқымды жоба бұрын-соңды болған емес. «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба. Біз ел игілігіне қызмет ететін нысандар салып, тұтас мемлекетіміздің келбетін жаңартамыз, бүкіл ұлтымыздың сана-сезіміне серпін береміз», - деді Президент. 

Наверх