Халықтың кредиті тағы кешіріле ме? – Мәселенің нүктесі қойылды

15 Желтоқсан 2021, 12:42
3884
Бөлісу:
Халықтың кредиті тағы кешіріле ме? – Мәселенің нүктесі қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова «несие кешіріле ме?»  деген сұраққа нүкте қойды. 

Агенттік төрайымы интернетте «несие кешіріледі» деген хабарлама жалған екенін айтты.

Әлеуметтік желіде «кредит кешіріледі», «несиеге рақымшылық жасалады» деген ақпарат тарады. Осыдан кейін Агенттікке 3 күн қатарынан жүздеген адам келді. Барлығы 18 мың өтініш түсті. Оның барлығын қабылдап, қаржы ұйымдарына жібердік, - деп айтты Мәдина Әбілқасымова.

Айтуынша, 2019 жылы болған рақымшылық бір рет қана жүргізілген шара еді.

Біз қаржылық жағдайы қиындап, қарызын қайтара алмай жатқан адамдар үшін жаңа заң қабылдадық. Оған сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары адамдарға қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беретін механизмдер ұсынуы міндетті, - деді Агенттік төрайымы кулуарда.

Өзгелердің жаңалығы