Халықтың байлығын қалтаға салды. Экономист халықтың жағдайы неге төмендегенін түсіндірді

27 Шілде 2022, 16:18
1818
Бөлісу:
Халықтың байлығын қалтаға салды. Экономист халықтың жағдайы неге төмендегенін түсіндірді
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев «Желмая» жобасында айтты. 

Біз 2013-2014 жылдары 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылдық. Бүгінгі таңда біз 65-67 орындарға түсіп қалдық. 2001-2007 жылдары жақсы жылдар болды. Сол кезде дүркіреп өстік. 2008 жылғы дағдарыстан кейін халықтың жағдайы нашарлап, элитаның жағдайы жақсарды. Биліктегілер мен олигархтар халыққа түскен байлықты өз қалталарына салуға мүмкіндік алды. Олар шексіз байып кетті. Халық жағдайы төмендеді. Біз Қытайдан да артқа кеттік. Ол кезде Шығыс Еуропа елдерімен теңестік деп айтатын едік. Қазір оған жете алмаймыз. Тым болмағанда Түркияның деңгейінде, жеке адам басына 15 мың доллардан тұрыуымыз керек еді. Біз 8-9 мыңға, екі есе артқа қарай кеттік. Бұл жемқорлардың әрекетінен болды, - деді Жұбаев. 

Экономистің айтуынша, Қазақстан «қыл үстінде» тұрған елге жатпайды. 

Ондай елге Араб мемлекеттері жатады. Себебі ЖІӨ-нің 20-40 пайызы мұнайға тиесілі. Ал бізде ол 18-20 пайызға тең. Бірақ бізде экономикаға түсетін табыстың 50 пайызы мұнайдан келеді. Теңгенің валюталық бағамының да 65 пайызы мұнайдан болып отыр. Сондықтан экономикамызға мұнайдың әсері зор. Бірақ ЖІӨ мұнайға тікелей байланысты деп айта алмаймыз, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы