Халықтың ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па? – Ринат Зайытов

31 Мамыр 2023, 11:48
1722
Бөлісу:
Халықтың ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па? – Ринат Зайытов
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов су мәселесіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зайытов осыған қатысты сауалын вице-премьер Роман Склярға жолдады.

Өзіңіз білетіндей, еліміздегі көлдер мен өзендердегі су деңгейі соңғы жылдарда күрт төмендеп жатыр, ал осылардың себебін анықтап, алдын алу әрекеттерін жасап жатқан жауапты органдарды өз басым әлі көрген емеспін. Сөзіме дәлел болатын көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар министрлігінде толықтай бар. Ал енді осы мәселе бойынша жергілікті халықтың алаңдап шыққан ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па? – деді депутат.

Зайытов атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылының маңынан бірнеше талаптарды өрескел бұзып, жұмыс жүргізгелі жатқан алтын өндіруші фабрикаларын салуға жергілікті халықтың қарсылығын неге естімей отырмыз. 

Абай облысындағы Аягөз өзені су деңгейінің 2018 жылмен 2022 жылдар аралығындағы жоғарғы көрсеткіші Балтық жүйесі бойынша 558 см-ден 162-смге төмендеуіне не себеп. Бұған да жауап бере алатындарыңызға күмәнім бар. Өйткені, Аягөз ауданында эколог маманы да жоқ, - деп айтты ол.

Ринат Зайытов Аягөз және Маралды өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі мен ластануының себептерін анықтайтын комиссия құруды және комиссияның жұмысына барынша көмек көрсетуді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы