Халықаралық қатынастарды бітіріп, экологияны басқаруға келген Сүлейменова кім?

4 Қаңтар 2023, 13:27
1673
Бөлісу:
Халықаралық қатынастарды бітіріп, экологияны басқаруға келген Сүлейменова кім?

Жаңа Экология және табиғи ресурстар министрі туралы не білеміз? , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында өмірге келген.

Жас министр бір жыл бұрын «Хабар 24» арнасындағы «Модный словарь» бағдарламасына сұхбат берген. Мұнда ол түрлі сауалдарға жауап беріп, өз принциптерін айтқан болатын.

Киім таңдағанда сапасына мән беремін. Оны 5-10 жыл кисем де, формасын жоғалтпауы керек. Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдаймын. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады. Табиғи теріден тігілген киімдерді кимеймін. Бұл – менің ұстанымым. Өйткені жануарларға деген гуманистік байланыс бізден басталу керек деп санаймын. Сол себепті ет жемеймін, теріден тігілген киім кимеймін, жануарларға сыналған косметиканы пайдаланбаймын. Және де зообақ пен дельфинарийге бармаймын, – деді ол. 

Биыл Сүлейменова Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысының қатерлі ісіктердің дамуына әсерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты.

Білімі: Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмандаған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Қызметтері:  Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы 14 наурызда Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы