Халықаралық байқаушылар Қазақстанның сайлауға дайындығына баға берді

18 Наурыз 2023, 00:15
900
Бөлісу:
Халықаралық байқаушылар Қазақстанның сайлауға дайындығына баға берді
Фото: 24.kz

Елдегі саяси науқанды бақылау үшін келген халықаралық байқаушылар Қазақстанның сайлауға дайындығына баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Соның бірі – Моңғолия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен Моңғол парламентіндегі қазақ Бейсен Бұланұлы. Ол Қазақстандағы саяси науқанды бақылауға алғаш рет келіп отырғанын айтады. Меймандар сайлау өтетін күні Астанада болып, 6 бірдей учаскедегі дауыс беру барысын бақылайды.

Еске салсақ, Бейсен Бұланұлы – Моңғолия парламентіндегі этникалық 3 қазақтың біреуі. Ол парламентке осы елдің демократиялық партиясы атынан түсіп, халық таңдауына ие болған. Білікті дәрігер, елдегі демократиялық қадамдарға жоғары баға берді.

Сіздерде бұрын сайланғандар қайтадан сайлана беретін, осы жолы осы жолы парламент 70%-ке жасарыпты. Екіншіден, ауысқан екен. Бұның өзі – демократия. Сайлау процесі демократиялық түрде жүріп жатқанының мысалы – осы, – деді Моңғолия парламентінің мүшесі Бейсен Бұланұлы.

Өзгелердің жаңалығы