«Халықаралық бағдарламалар орталығы» маңызды меморандумға қол қойды

4 Шілде 2023, 19:18
2815
Бөлісу:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» маңызды меморандумға қол қойды
Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

4 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар білім беру және ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.

Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен «IDP IELTS Kazakhstan» директоры Майя Рахымбекова қол қойды.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының «Болашақ» стипендиясын реформалауға қатысты тапсырмасын орындау аясында бүгінгі шындыққа, ұлттық және жаһандық деңгейлердің қазіргі сын-қатерлеріне, сондай-ақ ел экономикасын дамыту басымдықтарына бейімделген Шетелде кадрлар даярлау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленуде, - деді Сәкенов.

Келісім жасасудың негізгі мақсаты - «IDP IELTS Kazakhstan» мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» кандидаттарына тестке тұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңінде квоталар беру.

Сондай-ақ екі тарап арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, оның ішінде ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты арттыру жолымен өзара мүдделі екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы