Халық сот пен құқық қорғау органдарының жұмысы туралы үнемі ақпараттанып отыруы керек – Тұрмағамбетова

17 Қаңтар 2022, 18:57
1045
Бөлісу:
Халық сот пен құқық қорғау органдарының жұмысы туралы үнемі ақпараттанып отыруы керек – Тұрмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысы қаңтарда болған оқиғаға қатысты әртүрлі құқықбұзушылық бойынша азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтап, ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдау туралы Бас прокуратураға берген тапсырмасы өте дұрыс деп санамаймын. Құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі жасамайық. Тәртіпсіздікке байқаусызда ұрынған мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге шақырамын, - деді ол.

Жеміс Тұрмағамбетова айтқандай, тәртіпсіздік кезінде әкімшілік құқық бұзғандарға да баса назар аудару қажет.

Қазір біздің әріптестеріміз барлық өңірде тергеу изоляторларын аралап жүр. Тағы 5 өңірде осындай жұмыс атқарылады. Мысалы, Алматыда нөмірі 18 тергеу изоляторында 5 қаңтардан 13 қаңтарға дейін 77 адам болды. Сол күні тергеу изоляторынан 53 адам прокурордың шешімімен босатылды. Келіп түскендерді денсаулық сақтау қызметкерлері қарап шықты. Ұсталғандардың 90 пайызы ұрлық жасау мен морадерлік үшін ұсталған. Халықты сот пен құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша ақпараттандырып отыру қажет, - деді Тұрмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы