Халық ақша төлейді, бірақ бақылау жоқ. Аймағамбетов жылуға төлеп жатқан ақша туралы айтты

21 Маусым 2023, 11:51
3133
Бөлісу:
Халық ақша төлейді, бірақ бақылау жоқ. Аймағамбетов жылуға төлеп жатқан ақша туралы айтты
Фото: BAQ.KZ - Архив

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында энергетика туралы заңға үш түзету енгізуге қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Проблемалардың басты себептерінің бірі – мемлекеттік бақылаудың тиімсіздігі және әлсіздігі. Бүгінгі күні қоғамдық бақылау да шектеулі. Бізде мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау бар. Ол жақсы ма, жаман ба? Бірақ оларда бүгінгі күні ешқандай тексеру, алдын алу бойынша құзыреттілік жоқ. Неге? Өйткені бізде Кәсіпкерлік Кодекстегі нормалар монополистерді де тексерістен қорғайды, - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат энергетикалық бақылау оларды тексере алмайтынын атап өтті.

Қолдары байлаулы. Өз көздерімен барып көру үшін алдын ала тіркелу керек, алдын ала айту керек. Сондықтан осы мәселені қарау керек. Бұған қоса, тарифтердің қалай жұмсалып жатқаны да бақылаусыз. Халық ақша төлейді. Ал енді оның инвестиция ретінде жұмсалып жатқан-жатпағанына да бақылау жоқ, - деді Аймағамбетов.

Ол осы мәселелерді айта отырып, заң жобасына үш түзету енгізгеніне тоқталды.

1. Энергетикалық бақылауды Кәсіпкерлік Кодекстен шығару туралы түзету, оларға тексеріс жүргізу үшін жеткілікті мүмкіндіктер беру керек.

2. Тарифтердің, яғни төлемдердің жұмсалуы бойынша қоғамдық бақылау үшін арнайы цифрлы платформаны енгізу туралы норма.

3. Энергияны сататын делдалдарды жою немесе оларды шектеу туралы норма.

Өзгелердің жаңалығы