Халықпен кері байланыс ашық әрі тиімді болуы керек – Балаева

12 Қараша 2020, 11:55
2504
Бөлісу:
Халықпен кері байланыс ашық әрі тиімді болуы керек – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты. 

Қоғамдық кеңестердің отырысы мен мемлекеттік органдар жанында құрылған жеке комиссия отырыстары өтеді. Бұл бойынша барлық тетікті жазу керек. Ол бақылау кезінде жеңіл болады. Әрбір комиссия  мен мемлекеттік органдардың  ашықтығын қамтамасыз етеді. Себебі уақыттың талабы сондай. Халықпен кері байланыс ашық әрі тиімді болуы керек, - деді ол.  

Министр айтқандай, комитет пен департамент отырыстары ашық түрде өтеді.  

Ол әлеуметтік желілерде жарияланады. Біз жұмысымызға қатысты ұсынысты көбірек аламыз. Мен үшін бұл жұмыстың артқышылығы зор, - деді ол.   

Айта кетейік, Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары мен пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы