Халық санағына қанша қаржы жұмсалады?

17 Тамыз 2021, 17:33
2534
Бөлісу:
Халық санағына қанша қаржы жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты. Ол 2021 жылғы санақ 2009 жылғы санаққа қарағанда 2,6 есе арзан екендігін алға тартты.

Санақтың арзанға түсуіне заманауи технологияларды қолдану септігін тигізетін көрінеді.

2018 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі бесжылдық кезеңге халық санағын жүргізуге бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде санақ қызметкерлерінің қызметіне ақы төлеу мөлшері 4,7 млрд теңгені құрайды. Осы кезеңде 32 313 адам жұмысқа орналастырылады, - деді Айдапкелов.

Қазіргі уақытта, оның айтуынша, барлық санақ жүргізушілермен ақылы қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалып жатыр.

2021 жылғы халық санағын өткізуде бір адамға жұмсалатын шығын 1,1 АҚШ долларын құрайды. Мысалы, 2009 жылғы халық санағы кезінде мұндай сәйкес шығын 2,9 АҚШ долларын құрады, - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, биылғы санақтың ерекшелігі – алғаш рет онлайн түрде өткізілетіндігінде.

Өзгелердің жаңалығы