Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Хәкім Сүлейменұлы Сүлейменовтың 1938-2024 жылдар аралығын қамтитын құжаттары жинақталған екен. Бүгін Астана қаласының Мемлекеттик архивіне сол құжат-мұраларын ұрпақтары әкеліп өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл іс-шара дөңгелек үстел формында ұйымдастырылып, тарихымыздың маңызды парақтарын ашуға мүмкіндік берді. Хәкім Сүлейменұлының еңбектері мен жетістіктері ұрпаққа үлгі болып, оның өмір жолы қазақ халқының мәдени және білім беру саласындағы үлкен жетістіктерімен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті.
Хәкім Сүлейменұлы 1919 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Сәуле колхозында дүниеге келіпті. 32-ның ашаршылығында әке-шешесі опат болған. Сосын балалар үйінде тәрбиеленеді.
1941 жылы арнайы дайындықтан өткен Х.Сүлейменұлы 22 маусымында басталған соғыста, 168-ші атқыштар полкінің құрамында соғысады, 1941 жылдың қыркүйек айының ортасында немістер қолына түсіп, тұтқындалады.
Мұстафа Шоқайдың көмегімен босаған түрік тұқымдары ішінде "Түркістан легионында" болады.
Х.Сүлейменұлы 1945 жылдың 22 желтоқсан айының соңында Францияның оңтүстігінен Альба қаласынан Отанына Прокопьевск қаласына оралып, 1945 жылдың желтоқсанынан 1946 жылдың 1 маусымына дейін "Прокопьевск көмірінде" (бұрын арнайы кеңсе деп аталған) жерасты өрттерін сөндіру жұмысында істейді.
Х.Сүлейменұлын бірге тұтқында болғандар Францияда қалуға көндірмекші болады, бірақ ол елге қайтқысы келді, даланың иісін аңсады, туған тілді және домбыраның үнін естуді армандады. Ол тұтқындалатынына сенбеді, себебі артында әскери шайқастар, кеудесінде жауынгерлік марапаттар болды. Ол кезде бұл кәдімгідей батыл әрекет еді, өйткені елінде оны ешкім күтпейтінін білді, оны пойыздан тек НКВД жендеттері қарсы алады.
1946 жылдың желтоқсан айында Көкшетау облысының Еңбекшилдер ауданында "донос" бойынша қамауға алынып, 8 жылға сотталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың көптеген әскерлері оралмады, олардың ұрпақтары қазіргі таңда Францияда тұрады.
1947 жылдың сәуірінен 1955 жылға дейін Сталиндік лагерьлерде Колымада ағаш дайындау жұмыстарында, содан кейін Магадан облысының Қиыр Солтүстігіндегі көмір шахталарында 60-70 ͦ аязда тұтқынға берілетін тойымсыз асты ішіп 15-16 сағаттық адам төзгісіз ауыр жұмысқа шыдап, жазықсыз жазасын өтейді.
Одан 1955 жылы босап келеді. Келген соң қалған өмірін қазақтың оқу-ағарту ісінен арнаған ол ұстаздық жолын бастапты. Қалған саналы ғұмырын елдің оқу-ағарту ісіне арнаған екен.
Х.Сүлейменұлы оқу-ағартудағы 30 жылға жуық еңбегінде аудан, облыс, облыстық атқару комитеті, мәдениет бөлімдері мен Қазақ КСР Білім Министрлігіннен 25-тен астам Құрмет грамоталарымен және "ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі" марапатына ие болған ұлағатты ұстаз.
Соншама тағдырды бастан кешкен Хәкім Сүлейменұлы 1999 жылы шілде айында қайтыс болды.