Хакерлер WhatsApp қолданушыларының дерекқорын сатуда

26 Қараша 2022, 18:09
1330
Бөлісу:
Хакерлер WhatsApp қолданушыларының дерекқорын сатуда

Хакерлер WhatsApp қолданушыларының 500 миллион өзекті телефон нөмірлерінің дерекқорын сатуда,деп хабарлайды BAQ.KZ Сybernews сілтеме жасап.

16 қарашада әйгілі хакерлер форумында 487 миллион ұялы телефон нөмірі бар мессенджер пайдаланушыларының дерекқорын сату туралы хабарландыру пайда болды. Деректер жиынтығында 84 елдің WhatsApp пайдаланушыларының деректері бар.

Хакерлер WhatsApp қолданушыларының дерекқорын сатуда

Телефон нөмірлерінің көп бөлігі Египет (45 миллион), Италия (35 миллион), Сауд Арабиясы (29 миллион), Франция (20 миллион) және Түркия (20 миллион) азаматтарына тиесілі. Тізімде Қазақстаннан келген пайдаланушылар да бар-олардың саны 3 миллион 214 мың 990.

Cybernews сұранысы бойынша дерекқор сатушысы 1097 Британдық және 817 американдық пайдаланушы нөмірлерінің үлгісімен бөлісті. Басылым олардың барлығы WhatsApp қолданушылары екенін растайды.

Сатушы дерекқорды қалай алғанын нақтыламады, деректерді жинаудың "стратегиясын қолданғанын" атап өтті және барлық нөмірлер WhatsApp белсенді пайдаланушыларына тиесілі деп сендірді.

Өзгелердің жаңалығы