«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

14 Қыркүйек 2023, 12:40
3279
Бөлісу:
«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді
PHOTO

«Хабар» агенттігі жаңа телемаусымның салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді. Айтулы іс-шара көрермендер мен қонақтарды тәнті етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұсаукесерде «Хабар», «Хабар 24» және «EL ARNA» телеарналарының жобалары ұсынылды. «Хабар» телеарнасының ұжымы жаңа маусымда көрермендерінің көңілін көтеретін жобалар мен танымы терең, тағлымды бағдарламаларды көрсетуге дайын.

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

«Хабар» телеарнасы қоғамдық - саяси бағытқа басымдық бере отырып, мәдени-рухани және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосып келеді. Күнделікті жаңалықтардан бөлек, «7 күн»ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын, «Біздің мақсат/Итоги» ток-шоуын, және «Бізге хабарласқан», «В фокусе», «Отдел журналистских расследований», «Ұлттық құрылтай», «Маңдай тер», «Культурный контекст» сияқты жобалар эфирге шығады.

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

Көрермендердің көңілінен шыққан «Оян» ақпараттық-танымдық жобасы, «АйнаLINE» күндізгі бағдарламасы және «Ұйқым келмейді» кешкі шоуы жұмыс күндері тікелей эфирде беріледі.

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

Көрермендер «Cover show», «Қызық Times», «Алғашқы» ойын-сауықтық бағдарламаларымен қатар, бәйгелер мен ондағы сәйгүліктер жайлы көрсететін «Дүлдүлдер дүбірі» жобасын тамашалайтын болады. 

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

Спорт әлеміндегі жаңалықтарды кеңінен көрсететін «Хабар спорт» бағдарламасы жаңадан эфирге шығады. Қоғамдық маңызды тақырыптарды тарқатып көрсететін «Мектеп-Школа», «Арнайы репортаж», «Мәртебелі өнер», «Сарбаз», «Оянған өлке» тележобалары алғаш рет көрерменге ұсынылады. Жалпы өткен маусымнан келе жатқан 22 сәтті жоба жалғасын тапса, жаңадан 7 бағдарлама қатарға қосылды. 
Сондай-ақ «Хабар» жиырмаға жуық деректі фильм ұсынады. Олардың қатарында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Кербұғының киесі», Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай түсірілген «Құрқұдық», «Халиолла», «Әуезовтің құстары» деректі фильмдері бар.

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

Осы маусымда 12 отандық телехикая көрермен назарына ұсынылады. Бұл өткен жылғыдан екі есе көп екенін айта кеткен жөн. Арна эфирінде көпке танымал болған «Келінжан» сериялының 5-маусымы жүріп жатыр. Көрермендер «Қара жәшік», «Соңғы үміт», «Бозторғай. Жылы ұя» және басқа да драмалар мен мелодрамаларды көре алатын болады.

«Хабар» жаңа телемаусымның таныстырылымын өткізді

«El arna» телеарнасы жаңа бағытта дамып келеді. Арнаның жобалары қоғамның қозғаушы күші – жастардың аудиториясына бағытталған. Эфирге 17 төл телеөнім шығады.
Олардың қатарында: ««Жаңа қадам», «Кешкі vibe», «Lifestyle», «Майшам», «Кімнің есінде?» және басқа да жобалар бар.

Еліміздің басты ақпараттық арнасы – «Хабар 24» көкжиегі мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Телеарна 35 жобаны, сондай-ақ нон-стоп режимде ең өзекті жаңалықтарды таратады. Еліміздің және әлемнің түрлі нүктелерінен тікелей байланысқа қосылу арқылы маңызды ақпараттарды жеткізеді.

Өзгелердің жаңалығы