«Хабар» телеарнасында жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады

6 Қыркүйек 2021, 16:05
1466
Бөлісу:
«Хабар» телеарнасында жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасында «Национальный интерес» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Ток-шоу форматындағы жоба экономика, саясат, мәдениет және басқа да өзекті тақырыптарды қамтиды. 

Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі – Ерлан Бекхожин. «Национальный интерес» ток-шоуы әлеуметтік-саяси құбылыс – қоғамдық пікірді талқыға салатын жоба. Қоғамдық пікір – халықтың сенімін жаулап алатын бірден-бір саяси құрал. 

Соңғы бес жылда қоғамдық пікірдің қалыптасуына әлеуметтік желілер және месседжерлердегі ақпарат септігін тигізуде. Алайда, әлемді шарпыған пандемия өз кезегінде қоғамдық пікір қалыптастырудың құралдарына ықпалын тигізді. Карантин кезеңінде мемлекеттік БАҚ-тың ресми жаңалықтарының рейтингі өсті. 

Адамдар ғаламторда жалған ақпараттың көптігіне көз жеткізді, қажетті мәліметті сенімді ақпарат көзінен алудың маңызы артты. Қоғам назары қашан да министрлер мен әкімдердің қызметіне түсетіндіктен, жобаның спикерлері ретінде Министрлер кабинетінің мүшелері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері шақырылады. 

Көрермен өз тарапынан қатысушыға өз сұрақтарын жолдап, әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар жібере алады. Апталық спикердің есімі көрерменге талқыланатын сұрақтарды айқындап алуға мүмкіндік беру мақсатында ала белгілі болады. 

Бүгін 22:30-да «Хабар» арнасынан «Национальный интерес» ток-шоуының бірінші шығарылымын тамашалаңыздар.



Өзгелердің жаңалығы