«Хабар» агенттігі Кiss Мedia UK компаниясымен байланысын кеңейтеді

17 Қараша 2022, 01:11
993
Бөлісу:
«Хабар» агенттігі Кiss Мedia UK компаниясымен байланысын кеңейтеді

Бұл туралы "Хабар" агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Хабар" агенттігіне қарасты телеарналар өз көрермендерінің талғамына сай түрлі форматтағы және мазмұндағы жобаларын ұсынып келеді. Соның бірі – "Бегом за деньгами" телевизиялық ойыны. Биыл қыркүйек айынан бастап "Хабар" арнасынан шығып жатқан бұл жоба өз көрерменін тауып үлгерді. Бүгін осы форматтың иесі – Англияның Kiss Media UK компаниясының басқарушы директоры Колин Несбетпен кездесу өткіздім. Кездесуде ақыл-ойдың ұшқырлығы ғана емес, ептілікті, іс-қимылдың шапшаңдығын талап ететін аталған жобаның іске асырылу барысы және жаңа маусымда жалғастыру жайында пікір алмастық. Сондай-ақ, квиз және реалити шоулар жасаумен әлемге әйгілі компаниямен өзге де қызықты әрі мазмұнды хабарлар әзірлеу мүмкіндігін талқыладық. Осы орайда "Бегом за деньгами" жобасы "Хабар" телеарнасында аптасына 5 рет, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 17:00-де эфирге шығатынын еске сала кетейін. Әрдайым "Хабар"-да болыңыздар, – деп жазды Берік Уәли.

«Хабар» агенттігі Кiss Мedia UK компаниясымен байланысын кеңейтеді
Өзгелердің жаңалығы