Ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті таныстырылды

23 Қаңтар 2024, 17:30
497
Бөлісу:
Ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті таныстырылды
PHOTO
Фото: Ақорда

Алматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.

Руслан Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысты.

Ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті таныстырылды

Жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдар Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы