Ғылымға бизнесті тарту керек - Әбділдә Шәменов

5 Қыркүйек 2023, 13:54
750
Бөлісу:
Ғылымға бизнесті тарту керек - Әбділдә Шәменов

Бұл туралы Ғылым қорының төрағасы Әбділдә Шәменов Назарбаев университетінде шикізатты өңдеу және зерттеуге арналған семинарда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Германиядан келген делегациямен кездесу болғанын және германиялық университеттермен әріптестік туралы сөз болғанын айтты.

Біз басқа елдердің тәжірибесін алып қарасақ, мысалы, Израиль ІЖӨ-нің 5 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөледі. Бірақ оның 90 пайызы бизнестен түседі. Ғалымдар зерттеу жүргізе алуы үшін ғылымға инвестиция құю мақсатында бизнесті тартқан дұрыс, - деді ол.

Ғылым қорының басшысы бүгінгі семинарға Қазатомөнеркәсіп, Қазгеология сияқты кәсіпорындар проблемасын айтып, тәжірибесін бөлісу үшін жиналғанына тоқталды.

Біз жаһандану заманында өмір сүріп жатқандықтан қарым-қатынас көпірін орнатқан дұрыс. Бұл бірлесе жұмыс істеп, зерттеуге бірлескен өтініш берудің мүмкіндігі, - деп айтты Ғылым қорының төрағасы Шәменов.

Бүгін Назарбаев университетінде Ғылым қорының бастамасымен барлаудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы бірінші семинар өткенін еске сала кетейік.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында ғылым саласын дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы