Гвардейск гарнизонының сарбаздары әскери-есептік мамандықтарды игерді

23 Сәуір 2024, 20:05
324
Бөлісу:
Гвардейск гарнизонының сарбаздары әскери-есептік мамандықтарды игерді
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығын 845 мерзімді әскери қызметші бітіріп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарбаздар алты ай бойы жауынгерлік машиналардың көздеуші-операторы, жүк және жер қазу машиналарының механик-жүргізушісі, жеңіл сауытты көп мақсаттағы тягач жүргізушісі, сапер ісі және т.б. мамандықтарды игерді.

Оқу орталығының толыққанды оқу-материалдық базасы қалыптасқан. Онда кіші мамандар қажетті дағдыларды игеретін дәріс аудиторияларымен және тренажерлармен жабдықталған жаттығу сыныптары бар. Тәжірибелік сабақтар оқу бөлімшесінің полигонында өткізіледі.

Гвардейск гарнизонының сарбаздары әскери-есептік мамандықтарды игерді

Алты ай ішінде жаяу әскер жауынгерлік машинасының механик-жүргізушісі мамандығын игеріп, сертификат алдым. Оқу кезіндегі берген білімі мен жан-жақты қолдауы үшін командирлерге алғыс айтамын. Олардың үміттерін ақтауға тырысамын, – деп атап өтті мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Нұрмұхаммед Ермек.

Енді әскери қызметшілер одан әрі қызмет өткеру үшін Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне бөлінетін болады. Түлектерді бөлу олардың кәсіби білімі мен дағдыларды игеру деңгейін, сондай-ақ әскери бөлімдердің ағымдағы міндеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы