Гуманитарлық көмек. Абай облысына 7 жүк көлігі барды

14 Маусым 2023, 17:54
1114
Бөлісу:
Гуманитарлық көмек. Абай облысына 7 жүк көлігі барды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Алапат өртке байланысты Абай облысына гуманитарлық көмек кешегі күні Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келсе, бүгін 7 жүк көлігімен Астанадан да барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстардан келген гуманитарлық көмектер Семей қаласындағы «Жоламан» сауда – логистикалық орталығындағы қоймаға түсірілді.

Гуманитарлық көмек. Абай облысына 7 жүк көлігі барды

Абай облысындағы соңғы жағдайлардағы апатқа байланысты «Аманат» партиясының Астана қаласындағы филиалы және әкімшілікпен бірігіп арнайы көмек көрсету орыны ашқан болатынбыз. Сол көмек көрсету орынына қаншама еріктілер келіп өз көмегін берді. Бүгін осы Семей қаласына сол гуманитарлық көмекті Қорғалжың жүк көлігі ұйымымен бірігіп алып келдік. Барлық көмек көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз және Абай облысына осындай қиын жағдайдан тез шығып кетуді тілейміз, - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Мағзұм Арсланбек.

Гуманитарлық көмек. Абай облысына 7 жүк көлігі барды

Сондай –ақ әр облыстан жіберілген гуманитарлық көмектер Озерка ауылдық округінде, Бородулиха ауылында және «Жоламан» сауда – логистикалық орталығындағы қоймаларда сақталуда. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов атап өтті.

Кешеден бері барлық облыстардан Абай облысындағы орман өртіне байланысты гуманитарлық көмектер келіп жатыр. Мұның ішінде сусындар, тамақ дайындауға қажетті өнімдер және жеке бас гигенасына арналған заттар бар. Мұның барлығын біз қоймаларға түсіріп, жеке-жеке санын жазып, өрт аумағындағы штабтарға еріктілер арқылы тізім бойынша жөнелтіп жатырмыз,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы