Ғұламалар кеңесі бірқатар маңызды пәтуа қабылдады

7 Маусым 2022, 00:40
1574
Бөлісу:
Ғұламалар кеңесі бірқатар маңызды пәтуа қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXXIV мәжілісінде бірқатар маңызды пәтуа мазмұны талқыланып, мәтіні бекітілді.

Атап айтқанда, еліміздің Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалық етуімен өткен мәжілісте монополия үкімі, мұсылман емес кісіге тұрмысқа шығудың үкімі, биржада акцияны сатып алу және сату үкімі, құнды қағаздан зекет беру үкімі, АХАТ арқылы неке қиюдың шариғи үкімі тақырыбында әзірленген пәтуалар кеңес мүшелерінің ортақ шешімімен қабылданды. Ал олардың толық мәтіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Еске салсақ, Ғұламалар кеңесі шариғат, салт-дәстүр негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымын алаңдатқан көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, пәтуалар мен тұжырымдама құжаттар қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы