Грузияның ірі қалаларында коменданттық сағат енгізіледі

8 Қараша 2020, 12:14
1879
Бөлісу:
Грузияның ірі қалаларында коменданттық сағат енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тбилисиде және Грузияның басқа да ірі қалаларында коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің шешімімен 9 қарашадан бастап азаматтар мен көліктердің қозғалысына 22:00-ден 5:00-ге дейін (Мәскеу бойынша 21:00-ден 04:00-ге дейін) шектеу қойылды, деп жазды interfax.ru.

Шектеу жаяу және көлікпен жүретін азаматтарға қолданылатын болады. Коменданттық сағат халықаралық автокөліктерге, сондай-ақ медициналық және фармакологиялық ұйымдар, БАҚ, жеткізу қызметі қызметкерлерінің қозғалысына әсер етпейді. Тәртіп бұзушылар үшін айыппұл қарастырылған, - деді сенбіде өткен брифингте вице-премьер, Инфрақұрылым министрі Майя Цкитишвили.

Ол COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты Үкімет басқа шектеулерді де енгізетінін атап өтті. Өткен тәулікте Грузияда 2 859 адамнан коронавирус анықталды, елде COVID-19 жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны 54 852-ге жетті. 

Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 18 адам қайтыс болды, коронавирустық инфекция құрбандарының жалпы саны - 441. Карантин режимінде 3 015 адам жатыр, стационарларда 4 670 адам дәрігерлердің бақылауында. 39 773 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы