Грузиядан әкелінген автокөлікке заңдастыру барысында қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірі берілді

23 Қаңтар 2023, 18:19
1439
Бөлісу:
Грузиядан әкелінген автокөлікке заңдастыру барысында қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірі берілді

Қарағанды облысында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру акциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңнан бері қала орталығындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шетелден әкелінген көліктердің иелері келіп, көліктерін заңдастыру жұмыстарын жүргізуде. Полиция, кендендік қызметкерлер және басқада мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері заңдастыруға келген көлік иелеріне құқықтық көмектер көрсетіп, Egov.kz электрондық порталына құжаттарын өткізіп, тіркеуге тұру бойынша көмектер көрсетілуде.

Қарағанды облысында шетелден келген 10 мыңға жуық автокөлік бар. Заңдастыру акциясы 1-ші шілдеге дейін жүргізілетін болады. Көліктерін заңдастырамын деген барша көлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында күтеміз. Бұл орталықта көлік иелері мамандардан кеңес алып, құжаттарын толық тексеруге мүмкіндік алады. Көліктерді тіркеу өлшемшарттары бір, ол көліктің шетелде есептен шығуы және криминалдық есепте болмауы қажет, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов.

Қарағандыда заңдастыру кезінде ең бірінші болып мемлекеттік тіркеу нөмірін алған облыс тұрғыны Мәрлен Наурызбаев.

2022 жылы Грузиядан өзіме «Лексус» автокөлігін әкелгем. Бүгін заңдастыруға барлық құжаттарымды тапсырып, алғашқы жарнасын төлеп, көлігімді заңдастырдым. Қуаныштымын. Құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарымды қабылдаған барлық қызметкерлеріге алғысымды білдіремін, – деді Мәрлен Наурызбаев.

Өзгелердің жаңалығы