Грузияда қаралы күн жарияланды

30 Шілде 2022, 09:15
3523
Бөлісу:
Грузияда қаралы күн жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда құтқарушылар бригадасы мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза болды.

Бұл туралы «Грузия жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

29 шілде күні Гудаури тауларына құлаған парапланеристерді құтқару операциясы кезінде Грузия Ішкі істер министрлігінің шекара полициясына тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, жарылды. 

Тікұшақ күннің екінші жартысында Тбилисиден Гудауриге ұшып шыққан. Мақсаты Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл көмек орталығының дәрігерлерін және Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушыларын оқиға орнына жеткізу болған. 

Маневр кезінде тікұшақтың артқы бөлігі тауға тиіп кеткен. Бұл артқы пропеллердің бұзылуына алып келген. Бұдан әрі ұшқыш басқаруға ие бола алмай, тікұшақ құлай бастаған. Тауға кезекті рет соғылған транспорт жарылып, қалдығы жарға құлады. 

Оқиға салдарынан 8 адам қаза болды: экипаж командирі, 3 ұшқыш, 2 дәрігер және 2 құтқарушы. 

Грузияда бүгін аза тұту күні жарияланды.

 

Өзгелердің жаңалығы