Грузия премьері отставкаға кетеді

18 Ақпан 2021, 14:23
1324
Бөлісу:
Грузия премьері отставкаға кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия премьер-министрі Георгий Гахария отставкаға кетеді.

Бұл туралы ол брифинг кезінде айтты, деп хабарлады Кавказ Эхосы.

Гахария ел Үкіметін 2019 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарып келді.

Мен қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Әрине бұл қадамым еліміздің саяси кеңістігіндегі поляризацияны азайтуға мүмкіндік береді деп сенемін. Себебі арамыздағы поляризация мен конфронтация ел болашағы үшін үлкен қатер төндіреді, - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Грузияда билеуші партия жаңа лидерді таңдаған болатын. Грузинская мечта партиясын енді Ираклий Кобахидзе басқаратын болды.

Ол бұған дейін Парламент спикері болған.


Өзгелердің жаңалығы