Грецияда жойқын дауылдан екі адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2020, 10:34
995
Бөлісу:
Грецияда жойқын дауылдан екі адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грецияда болған Янос циклонының кесірінен екі адам көз жұмып, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бұл туралы жергілікті жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Янос дауылының әсерінен өте көп мөлшерде жауын-шашын түскен. Көптеген ауданда жолдар шайылып, ағаштар құлап, электр желісі зақымданған.

Циклонның кесірінен жергілікті шаруа мен егде жастағы әйел көз жұмған. Із-түзсіз жоғалғандардың қатарында 40 жастағы әйел, оны көлігімен келе жатқанда қатты толқын алып кеткен, сонымен қатар 35 жастағы ер адам мен келіншек іздестірілуде.

Греция премьер-министрі Кириакос Мицотакис сақтық шараларын сақтау керектігін айтты.

Қазір адамдардың қауіпсіздігі аса маңызды. Зардап шеккен аудандар қажетті деңгейдегі көмекті алады, - деді премьер-министр.


Өзгелердің жаңалығы