Грэпплингтен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

22 Тамыз 2022, 13:00
1509
Бөлісу:
Грэпплингтен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Жыл сайын дәстүрге айналған бәсекеге биыл 7 елдің 1000-нан астам татами шебері жиналды. Оның басым бөлігі Қазақстандық спортшылар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жарыстың жеңімпаздары тікелей Әлем чемпионатына жолдама алатын болады.

Әлемдік жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғап жүрген Нұрбек Талбудин, Алихан Хабиболла, Мақсат Мұратұлы, Айжан Әбдіқадыр сынды белгілі спорт шеберлері де жарысқа қатысып, бақтарын сынады. 

Грэпплингтен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат – Грэпплинг AIGA спорт түрін  дамытып, спортшыларға әлемдік аренада қатысуға мүмкіндік беру.
 
Аталмыш чемпионат елімізде алғаш рет 2018 жылы өткізілген, биыл бұл чемпионат 2 рет ұйымдастырылды. Айта кетейік, Қазақстандық құрама команда осымен  Азия чемпионатына үшінші мәрте қатысты.

Жарыс қорытындысымен төмендегідей:

12-13 жас

3 орын - Сек Богдан 47 к

14-15 жас

3 орын - Кадырхан Даниал 65 кг

16-17 жас

2 орын - Елубаева Аяулым 48 кг 
3 орын - Оразалин Санжар 65 кг

18-19 жас

3 орын - Дакийбекулы Бейбарыс

+20 жас

1 орын - Талбудин Нұрбек 70 кг
2 орын - Апендин Маулен 70 кг
2 орын - Абдрахимов Рамазан 100 кг
3 орын - Койшыбай Улас 100 кг 

Өзгелердің жаңалығы