Грекияның Эвбея аралында орман өртенді

Өрт аралдағы Комито-Каристос аймағының орманды алқабында басталды.

 Anadolu Agency 22 Тамыз 2026, 11:18
22 Тамыз 2026, 11:18
97
Фото: Anadolu Agency

Грекияның Эвбея аралында орман өрті шықты.

Грек бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт аралдағы Комито-Каристос аймағының орманды алқабында басталған.

Сейсенбі күні де осы ауданда өрт шығып, оны әуеден және жерден жұмыс істеген өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен сөндіру мүмкін болған.

Бүгін Крит аралындағы Заньяна мен Ливадия аудандарының арасында, сондай-ақ Лариса номындағы Темпи аймағындағы бұталы алқапта да өрт шықты.

Грекияның Азаматтық қорғау жөніндегі бас хатшылығы бүгін Аттика, Беотия, Фтиотида, Превеза, Коринф, Пелопоннес және Иония аралдарында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Наверх