Грекияда Санта Клаустар жүгіруден жарысты

19 Желтоқсан 2021, 11:04
878
Бөлісу:
Грекияда Санта Клаустар жүгіруден жарысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Афина қаласында Санта Клаустар марафоны өтті. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Шараға жүздеген адам қатысты. Дәстүрге айналған жетінші қайырымдылық марафонында қатысушылар, екі шақырым қашықтықты артта қалдырып, Олимпиада спорттық кешенінің ғимаратын айналып өтуге тиіс.  

Ереже бойынша марафонға атсалысқан әр адам 12 еуро жарна төлейді.  Биыл іс-шарадан түскен қаржы, ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы