Грекияда ормандарға өрт қойып жүрген 5 адам қамауға алынды

25 Тамыз 2023, 03:35
937
Бөлісу:
Грекияда ормандарға өрт қойып жүрген 5 адам қамауға алынды
Фото: baq.kz

Грекияда ормандарды қасақана өртеген бес адам тұтқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысындағы Аттика және Эврос облыстарындағы орман өрттерінің қалай тұтанғанына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, жақында Германиядан келген 20 жастағы турист Родос аралында ұсталған. Жас жігіт тоқтаған Фанес ауданындағы қонақүйдің қызметкерлері оның қамысты өртеп жібергенін көрген. Өз кезегінде жас жігіт өрт сөндірушілерге өртті көре сала оны сөндіруге кіріскенін айтқан. Сот туристі кінәлі деп танып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, артынша еркіндікке шыққан.

Сондай-ақ Кефалония аралында полиция жұмысқа тек маусымдық кезеңде жалданатын өрт сөндірушіні қамауға алды. Ол аталған аралда бес рет өрт қойды, оның екеуін биыл жаққан деп айыпталып отыр.

Телеарна мәліметінше, сондай-ақ Грекияның басқа аймақтарында да күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізілген сондай-ақ қолдан жасалған тұтандырғыш құрылғылар табылған.

Еске салсақ, бұған дейін Грекияда соңғы тәуліктерде 63 орман өрті тұтанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александруполис қаласының солтүстік-шығысында жанып жатқан Дадиас орманынан 26 мигранттың денесі табылған еді.

Өзгелердің жаңалығы