Гонконг тәртіп сақшылары ереуілге шыққандарға қарсы күш қолданды

18 Қараша 2019, 08:39
1790
Бөлісу:
Гонконг тәртіп сақшылары ереуілге шыққандарға қарсы күш қолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг полициясы Коулун түбегіндегі демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ бен суатқыш қолданды, деп хабарлады 24.kz.

Қақтығыс политехникалық университет маңында болды. Мұнда ереуілге шыққан студенттер көшелер мен "Кросс-харбор" туннелін жауып тастаған. Радикалдар тәртіп сақшыларына кірпіштер мен жанғыш заты бар бөтелкелер лақтырып, қолдан жасалған садақ атқан көрінеді. Салдарынан бір полицей аяғынан жарақат алыпты. 

Айта кетейік, Гонконгтегі ереуілдер маусым айынан бері жалғасып келеді.


Өзгелердің жаңалығы