Головкинге рингке шығуға тыйым салынды

24 Қыркүйек 2022, 22:25
2185
Бөлісу:
Головкинге рингке шығуға тыйым салынды

18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) арасында үшінші жекпе-жек өтті. Онда екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық негізгі титулдары сарапқа салынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Айқас 12 раунд жалғасып, төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті. Бұл – Головкиннің мансабындағы екінші жеңілісі. Бұған дейін ол 2018 жылы да «Канелодан» жеңілген болатын.

Sports.kz сайтының жазуынша, Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) айқастан кейін екі қарсыласқа да шектеу қойып, белгісіз уақытқа дейін рингке шығуға тыйым салды. Бұл шара медициналық сипатқа ие.

Өзгелердің жаңалығы