Головкин жарыс алдында жанкүйерлерін жігерлендірді

27 Наурыз 2022, 07:22
1659
Бөлісу:
Головкин жарыс алдында жанкүйерлерін жігерлендірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) BBC Radio 5 Live арнасына берген сұхбатында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) алдағы жекпе-жегі жанкүйерлердің көңілін қалдырмайтынына уәде берді, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Муратамен жекпе-жегің қалай аяқталатынын айтшы?» деген сауалға боксшы көңілді жуап берді.

Бұл айқас қиын, бірақ қызықты. Яғни бокс жанкүйерлеріне ерекше сыйлық. Әрине жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Драма, Big Drama! Бұл жұдырықтасудың сіздерге ұнайтынына уәде беремін! Тіпті жылдың үздік айқасы болуы да ықтимал, – деді Головкин.

Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуір күні Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарындағы чемпион атағы үшін күреседі.

Өзгелердің жаңалығы