Головкин рейтингтен шығып қалды

5 Сәуір 2023, 16:48
602
Бөлісу:
Головкин рейтингтен шығып қалды
Фото: sports.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы соңғы жағдайларды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейтинг көрсеткіші бойынша Генадий Головкин алдыңғы 15-ке де кірмейді. Негізгі себеп - қазақстандық боксшының чемпиондық белдігін қорғаудан бас тартуы. Яғни, WBA тұжырымы бойынша орта салмқатағы Генадий Головкинді кубалық Эрисланди Лара кездесуі керек еді. Тіпті, жауапты ұйым оны міндеттеді. Бірақ, Головкин промоутерлік саудаға қатыспады.

Сәйкесінше, чемпиондық белдік енді жекпе-жексіз Лараға беріледі. Оның алдында бразилиялық Эскиво Фалькаомен де кездесуге келіспей, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін босатқан болатын. Енді жерлесіміздің қолында бір ғана атақ қалды. Яғни, ол қазір – IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Генадий Головкин биыл 41 жасқа толады. Бүгінге дейін кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42-сінде жеңіске жетті. 

Өзгелердің жаңалығы