Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өтуі мүмкін

5 Ақпан 2022, 14:46
1321
Бөлісу:
Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. El Paso Times, AP Sports және USA Today Sports басылымдарының шолушысы Мэттью Агилар Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі Мексикада өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұған дейін «Канелоның» жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо қыркүйек айында Мехикодағы Azteca стадионында жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан. 17 қыркүйекте GGG – «Канело» Канело трилогиясы өтуі мүмкін. 

Эдди Рейносо GGG-ді супер орта салмаққа өтіп, қыркүйекте Мексикада Альвареспен үшінші жекпе-жекті өткізуге шақырады, – делінген BoxingTribeUK Twitter-парақшасында. 

Агилар бұл жаңалықты оң баға беріп, оның дұрыс қадам екенін атады. 

Бұл шын болса, жақсы болар еді. Головкин бұған келіссе, Мексикада үлкен жекпе-жек өтеді, – деп жазды журналист.

Өзгелердің жаңалығы