Головкин Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

27 Тамыз 2019, 09:25
1387
Бөлісу:
Головкин Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты,  деп жазды Vesti.kz.

Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF титулын сарапқа салған соң, Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.  "100 пайыз, мен бұл жекпе-жекке ашықпын. Әрине, бірінші әлем чемпионы титулын жеңіп алуым керек. Муратамен кездесу сөзсіз қызық. Бұл өте маңызды, ұлы жекпе-жек болады деп ойлаймын", - деді Головкин. 

Айта кетсек, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. 
Өзгелердің жаңалығы