Гоголь көшесі жөндеу жұмыстарына жабылды

8 Тамыз 2021, 14:09
1677
Бөлісу:
Гоголь көшесі жөндеу жұмыстарына жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Н. Гоголь көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Гоголь көшесінде жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 7-25 тамыз аралығында Құрманғазы көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаске көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы