Ғиният вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы айтты

19 Мамыр 2021, 17:12
3130
Бөлісу:
Ғиният вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Барлық жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Бірінші жағдай Алматы облысындағы біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия жұмысты аяқтады. Онда жүректің созылмалы ауруы болған. Диспансерде тіркелген. Дәрігерге қаралмаған және ауыр препараттар қабылдамаған, - деді Ғиният.

Ол атағандай, комиссия вакцинаның жеткізілуі мен денсаулық сақтау ұйымына жеткізілуіне дейінгі жолын зерттеді.

Комиссияның қорытынды нәтижесінде вакцинадан медициналық сараптама бойынша вирус немесе органдық вирусы табылмады. Өлімге себеп болған жүректің созылмалы патологиясы болды. Оған вакцинаға қатысы жоқ. Екінші жағдай бойынша алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмеген, - деді ол.

Ажар Ғиният ол Алматы қаласының 2-емханасында вакцинаның екінші компонентін алғанын айтты.

Науқаста артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмады. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ишемиялық инсультке алып келуі мүмкін. Оның вакцинацияға қатысы жоқ, - деді ол.

Ғиният айтқандай, төртінші жағдай бойынша екінші компоненттің 12-күнінде болған. Ол бойынша әлі комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы