Ғиният «омикрон» түрінің тез көбеюіне байланысты қандай шектеу шаралары күшейтілетінін айтты 

18 Қаңтар 2022, 09:26
2584
Бөлісу:
Ғиният «омикрон» түрінің тез көбеюіне байланысты қандай шектеу шаралары күшейтілетінін айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.


Коронавирустың «омикрон» штамы көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді. Қысқа екі күндік жұғумен сипатталады. Аурудың еселеп көбеюі де осыдан. Аурудың алғашқы белгілері тұмау мен жедел респираторлық аурулар сияқты бас ауру, қызудың көтерілуі болып есептеледі. Бүгінгі жағдай бойынша науқастардың 80 пайызы, 78 629 науқас амбулаториялық ем алып жатыр, - деді Ғиният. 


Ол атағандай, емдеуге жатқызылған науқастардың ішінде ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар саны 5 пайызды құрады. 

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін, «омикрон» түрінің тез көбеюін ескере отырып, мынадай шектеу шаралары күшейтілді:ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункттерінде вакцинация мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің барлығына міндетті түрде теріс ПТР-тесттің болуын талап ету енгізілді. «Ашық» бойынша «жасыл» мәртебе болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілген объектілердің тізбесі кеңейтілді, - деді ол. 


Министр атағандай, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады.

Шектеу шараларын енгізу әрбір нақты өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сараланып жүзеге асырылатынын атап айтқым келеді. «Омикрон» түрінің клиникасы, жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау белгілеріне ұқсастығын ескере отырып, отандастарды медициналық көмекке уақтылы жүгінуге шақырамын. КВИ белгілері пайда болған кезде үйде оқшаулануға, дәрігерді немесе мобильді бригаданы үйге шақыруды сұраймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы