Гейтс пандемияны жеңу үшін миллиард инвестиция қажет екенін айтты

20 Ақпан 2021, 09:46
1645
Бөлісу:
Гейтс пандемияны жеңу үшін миллиард инвестиция қажет екенін айтты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft корпорациясының негізін қалаушы әлемде барлық елдерді бірдей қамтамасыз ететін вакцина өндіретін кәсіпорындар салу үшін миллиард инвестиция қажет деп түсіндірді.

Коронавирус пандемиясын жеңуге вакцина өндіретін кәсіпорындар құрылысына, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық компаниялардың бірлескен жұмысына қосымша миллиардтаған инвестициялар арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы жұмада Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс Мюнхендегі онлайн өткен қауіпсіздік конференциясында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі пандемияның алдын алу үшін жедел шаралар қабылданған жоқ, сондықтан әлемдік экономика миллиардтаған шығындарға ұшырады.

Біз инвестиция жасауымыз керек - бұл ешқашан қайталанбайтынына сенімді болу үшін аз ғана миллиард жұмсалуы керек,- деді ол. 

Ол халықаралық корпорациялар ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. 

Жақсы мысал - Pfizer және BioNTech компанияларының ынтымақтастығы, - деді Гейтс.  

Сонымен қатар  Microsoft корпорациясының негізін қалаушы әлем үкіметтерінің ынтымақтастығы қазіргі пандемиямен күресуге және болашақта басқа пандемиялардың алдын алуға ықпал етуі керек деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы