Германияның Штаде қаласындағы атыс құрбандарының саны алты адамға жетті

Қаза болғандардың барлығы бала күтімі орталығында жұмыс істеген.

Бүгiн 2026, 09:15
АВТОР
 Bild Бүгiн 2026, 09:15
Бүгiн 2026, 09:15
177
Фото: Bild

Германияның Штаде қаласындағы атыс салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, шабуылды түрік текті 45 жастағы Германия азаматы жасаған.

Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, қаза болғандардың барлығы бала күтімі орталығында жұмыс істеген.

Құқық қорғау органдары қылмыс, ең алдымен, жеке араздық негізінде жасалған деп есептейді. Тергеу оқиғадан саяси астар немесе ұйымдасқан қылмыспен байланыс белгілерін анықтаған жоқ.

Тергеу амалдары жалғасуда. Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен шабуылдаушының нақты мотивтерін анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Германияда жас аналарға арналған мекемеде атыс болғаны хабарланды

Наверх