Германияның бірнеше өңірінде жаппай шеру өтті

23 Қаңтар 2022, 15:25
1376
Бөлісу:
Германияның бірнеше өңірінде жаппай шеру өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қаңтарда Германияда мыңдаған адамдар COVID шектеулеріне және міндетті вакциналауға қарсы наразылық білдіріп, әр аймақтағы қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Дюссельдорфта 7500-ден астам, Фрайбургтегі 5500-ге жуық, Баварияда 2000-нан астам адам көшеге шыққан.

Полицияның мәліметінше, Солтүстік Рейн – Вестфалия федералды өңірінің орталығы Дюссельдорфта ұйымдастырушылар тек 3500 деп ескерткеніне қарамастан, наразылық акциясына 7500-ден астам адам қатысқан.

Баден-Вюртемберг федералды өңіріндегі студенттер қалашығы Фрайбургте шеруге 5500-ге жуық адам қатысты, оларға қарсы демонстрацияға 2000-ға жуық жиналған.

Гамбургтің әртүрлі аудандарында үш наразылық акциясы өтті, барлығын қосқанда 4900-ге жуық, Бавариядағы Регенсбург және Ансбах көшелеріне 2000-нан астам, Оснабрюкте – 1750-ге жуық, Оффенбахта (Гессен өңірі) – 1200-ге жуық, Мекленбург-Алдыңғы Померания федералды округінің астанасы Шверинде 1100-ге жуық адам жиналды.

Осындай акциялар Штутгартта, Ганноверде, Лейпцигте, Дрезденде, Эрфуртта және басқа да қалаларда өтті.

Жалпы, акциялар бейбіт түрде өтті, кейбір жерлерде олар қарсыластар мен коронавирус шектеулерін жақтаушылар арасындағы сөзталасқа ұласқан кезі болды. Демонстрацияларға қатысушылар бетперде тағудан бас тартты.

22 қаңтарда Германияда коронавирус инфекциясының күрт өсімі тіркеліп, жеті күндік коэффициент жүз мың адамға шаққанда 772,7-ге жетті, деп хабарлады Роберт Кох институты (RKI). Сонымен қатар, коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім санының біршама төмендеуі байқалды.

 

Өзгелердің жаңалығы